Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    О департаменте

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың, аударудың толықтығымен уақыттылығын қамтамасыз ету.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік қызметті қалай тоқтатуға болады?

    Жауап

    *1: Бизнеске заңды үзіліс ✓ Егер сіз уақытша жұмыс істемесеңіз — салық есептілігін ресми түрде тоқтатыңыз. Бұл айыппұлдардан сақтап, құжаттарда тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді. ✓ Ол үшін өтінішті алдын ала Салық төлеушінің кабинеті арқылы беру қажет. ✓ Маңызды: берешек болмауы және барлық есептілік тапсырылуы тиіс. Толығырақ: kgd.gov.kz *2: Салық есептілігін кім тоқтата алады Салық төлеушілердің барлығы бұл құқықты пайдалана алмайды. Шығарылатындар: – патент немесе мобильді қосымша негізінде жұмыс істейтін ЖК; – ойын бизнесі салығын төлеушілер; – арнаулы салық режиміндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер; – бірыңғай жер салығын төлейтін шаруа (фермер) қожалықтары; – жоғары салықтық тәуекел деңгейі бар субъектілер. Тоқтату мүмкіндігін алдын ала нақтылауды ұсынамыз. *3: Өтінішті қалай беруге болады — қадам бойынша Салық есептілігін тоқтату бірнеше қадамда жүзеге асады: ✓ Салық төлеушінің кабинетіне кіру; ✓ Тоқтату туралы өтінішті толтыру; ✓ Басталу күнін көрсету және ЭЦҚ арқылы қол қою; ✓ Өтініш салық органымен 1 жұмыс күні ішінде қаралады. Бұл — заңды, ыңғайлы және қарапайым. *4: Бас тарту себептері Өтініш бермес бұрын мыналарға көз жеткізіңіз: ✓ салық немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешек жоқ; ✓ өткен кезеңдер үшін барлық есептілік тапсырылған; ✓ қажет болса, ҚҚС бойынша тіркеуден шығу өтініші берілген. Кем дегенде бір шарт бұзылған жағдайда өтініш қабылданбауы мүмкін. *5: Қызметті қайта бастағанда не істеу керек Егер сіз қызметті қайта бастасаңыз — салық есептілігін қайта бастау туралы өтініш беру қажет. Олай болмаған жағдайда, салық органы өз бетімен есептілікті қайта басталған деп есептей алады — қызметтің басталу күнінен бастап. Қызметті қайта бастау = салықтық жауапкершілікке қайта оралу. *6: Тоқтату мерзімін ұзартуға болады Егер қызмет әлі басталмаса — тоқтату мерзімін ұзартуға болады. Ол үшін қазіргі мерзім аяқталғанға дейін жаңа өтініш беру қажет. Тоқтатудың ең ұзақ жалпы мерзімі — 3 жыл. Мерзімдерге мұқият болыңыз — қажетсіз салдарлардан сақтаныңыз. *7: Қарапайым қолдау түрі Уақытша есептілікті тоқтату — адал салық төлеушілерге арналған қолдау шарасы. Есептілік аз болса — жүктеме де аз болады. Бұл РҚ Салық кодексінің 213-бабымен реттеледі. Қызмет уақытша тоқтап тұрса да, салық міндеттемелерінде тәртіп сақтаңыз.

    ·
    Сұрақ

    Банкроттың қандай міндеттемелері соттан тыс тоқтатылады?

    Жауап

    Мәртебесі (лицензиядан айырылған, тарату сатысында, тізілімнен шығарылған) мен нысанына (коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және т.б.) қарамастан, екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелер соттан тыс тәртіппен тоқтатылады

    ·
    Сұрақ

    Жеке тұлғаның банкроттығы үшін қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Борышкер белгіленген нысан бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (қағаз түрінде), "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) арнайы мобильді қосымша арқылы береді.

    ·
    Сұрақ

    Азамат қашан банкрот деп танылады?

    Жауап

    Рәсім жылжымалы және жылжымайтын мүлік болмаған кезде,оныңішіндежалпыбірлескен мүлік болмаған кезде, қатарынан 12айішіндеберешектіөтеудіңболмауы, 7жылішіндебанкроттықтықолданбаукезіндеқолданылады. Банкроттық рәсімі 6 ай бойы жүргізіледі.

    ·
    Сұрақ

    Өтінішке қандай құжаттар қоса берілуі керек?

    Жауап

    "Qoldau" цифрлық платформасында "Tazalau" сервисі рәсім толығымен автоматтандырылған, мемлекеттік тіркеуші органдар мен ұйымдардың интеграцияланған базалары арқылы борышкердің кіріс критерийлеріне сәйкестігіне автоматты тексеру жүргізіледі. Ешқандай құжаттарды қоса беру талап етілмейді.

    ·
    Басқа

    24.07.2026 Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор. 90

    Жарияланды:
    Басқа

    24.07.2026. Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор...

    Жарияланды:
    Басқа

    Омарова Таттигуль Куандыковна, 13.07.2026

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс қозғау туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Басқа

    Қаржы басқарушысы ретінде тағайындалуға жататын тұлғалардың тізімі,15.07.2026

    Жарияланды:
    Тізілім

    15.07.2026 "Донецкое коллективное хозяйство" ЖШС

    Жарияланды: