Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 403-бабына сәйкес базалық салық шегерімі әрбір күнтізбелік ай үшін 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Бұл ретте күнтізбелік жылдағы шегерімнің жалпы сомасы АЕК-тің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Базалық салық шегерімі ай сайын қолданылады және келесі айларға ауыстырылмайды.
Бұрын қолданыста болған тәртіптен айырмашылығы, жаңа Салық кодексінде базалық салық шегерімінің пайдаланылмаған сомасын күнтізбелік жылдың келесі айларына ауыстыру тетігі көзделмеген.
Осыған байланысты салық агенттері төмендегі ерекшеліктерді ескеруі қажет:
— базалық салық шегерімі тиісті күнтізбелік айдың кірісі шегінде қолданылады;
— бір айда пайдаланылмаған шегерім сомасы келесі айларға ауыстырылмайды;
— күнтізбелік жылдағы базалық салық шегерімінің жалпы мөлшері АЕК-тің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









