Шот-фактураны қайтарып алу

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 501-бабына сәйкес, электрондық шот-фактураны (ЭШФ) кері қайтарып алуды оны жазып берген салық төлеуші құжатты жарамсыз деп тану мақсатында жүзеге асырады.

    Бұл ретте кері қайтарып алуды растау тәртібі алушының мәртебесіне байланысты:

    Егер алушы ҚҚС төлеушісі болса, ол ЭШФ-ны кері қайтарып алуды растауға немесе келіспеген жағдайда одан бас тартуға міндетті. Кері қайтарып алу алушы растағаннан кейін ғана жүзеге асқан болып саналады.

    Егер алушы ҚҚС төлеушісі болмаса, ол кері қайтарып алуды кері қайтарып алынған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қабылдамауға құқылы. Егер көрсетілген мерзімде кері қайтарып алу қабылданбаса, ол расталған болып есептеледі.

    Бұл ретте алушы жеткізушіге бұрын жазылған шот-фактураны қалпына келтіру туралы талаппен жүгінуге құқылы.

    ЭШФ-ны кері қайтарып алуды растау немесе қабылдамау алдында мәліметтерді және кері қайтарып алу негіздерін мұқият тексеріңіз.

    #Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок
    #законипорядок
    #заңментәртіп



    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары