1 / 4
«АСАРЛАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Кентау қаласында «Асарлат» жобасы аясында кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық шарасы қаладағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі №56, 58, 60, 62 және Абай даңғылындағы №14 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында өтті.
Игі бастамаға Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі, Кентау қалалық Руханият орталығы, Жастар ресурстық орталығы, Достық үйі және Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты.
Таза қала – ортақ міндет! Қоршаған ортаны таза ұстау, туған қаламыздың көркеюіне үлес қосу – баршамызға ортақ жауапкершілік.









