ТҮРКІСТАНДА 7 675 ШАРШЫ МЕТР ЖОЛҒА АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 15
    2026 жылдың басынан бері Түркістан қаласында автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту, жол төсемінің сапасын сақтау және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
    Есепті кезеңде қала аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы көлемі 7 675 шаршы метрінде ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалды.
    Жұмыстар аясында жол төсеміндегі ақауларды жоюға, асфальт жабындысын қалпына келтіруге және жол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға басымдық берілді.
    Аталған жұмыстар жолдардың пайдалану мерзімін ұзартуға, көлік қозғалысының қолайлылығын арттыруға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары