ТҰРҒЫНДАРҒА ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 10
    Жылу маусымының басталуына байланысты Түркістан қаласындағы Н.Төрекұлов көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйлерде газдан уланудың алдын алу мақсатында түсіндіру-профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара Түркістан қалалық газ инспекциясы мен «ҚазГаз Аймақ» мекемесінің қатысуымен ұйымдастырылды.
    Жұмыс барысында тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, жылыту құрылғыларының жарамдылығын тексеру, газдың ауаға таралуын дер кезінде анықтау және улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді.
    Тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, газ жабдықтарын уақтылы тексертіп отыру және үй-жайларды тұрақты желдету қажеттігі ескертілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары