«Алтын Дала» резерватында құстардың күзгі қоныс аударуы бақылануда

    1 / 6

    «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құстардың күзгі қоныс аударуын бақылау жұмыстары жүргізілуде.

    Резерватта құстардың 275 түрі кездеседі. Оның аумағындағы дала алқаптары мен су айдындары құстардың маусымдық қоныс аударуы кезінде маңызды рөл атқарады.

    Мамандар құстардың түрлік құрамын, кездесетін орындарын, қозғалыс бағыттары мен қоныс аудару ерекшеліктерін бақылайды.

    Жиналған деректер құстардың маусымдық қозғалысын зерттеуге және олардың мекен ету ортасын қорғау шараларын жоспарлауға пайдаланылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары