Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аралдарында көне дәуір шағаласы мен қарабас өгізшағала бір-біріне көршілес, топтасып ұя салады. Дене бітімі мен қимыл-қозғалысы әртүрлі болғанымен, бұл екі құстың қорғану тәсілдері бірін-бірі толықтырады.
Көне дәуір шағаласы кішілеу болғанымен, жерде де, ауада да жақсы қимылдайды. Қауіп төнгенде дауыстап белгі беріп, ұясын қорғайды. Оның дауысы ірі иттің күшігінің үніне ұқсайды.
Ал денесі ірілеу қарабас өгізшағала әуе қорғанысының рөлін атқарады. Адамды немесе жыртқышты байқағанда ауаға көтеріліп, қатты шаңқылдап, қауіп төнген жаққа қарай шүйіледі.
Мұндай көршіліктің маңызды артықшылықтарының бірі — қауіп-қатерді ертерек байқап, қорғаныс мүмкіндіктерін толықтыру. Әр түрдің өзіне тән мінез-құлқы ортақ аумақта тіршілік етуге қолайлы жағдай туғызуы мүмкін.
Екі түрлі шағаланың ерекше көршілігі туралы толығырақ карусельден оқыңыз.