Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 11
23 қазанда Алматы қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIV отырысы өтті.
Отырыста орман тұқым шаруашылығын дамыту, «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасын іске асыру және орман экожүйелерін қалпына келтіру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ орман-климаттық жобаларды дамыту, орман өрттерінің алдын алу және ормандарды қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық талқыланды.









