Алматыда ТМД елдерінің орман шаруашылығы жөніндегі кеңесінің XXIV отырысы өтуде

    1 / 17

    21–24 қазан аралығында Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің орман өнеркәсібі кешені және орман шаруашылығы жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің XXIV отырысы аясындағы іс-шаралар өтуде.

    Халықаралық жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Тәжікстан өкілдері қатысуда.

    Бағдарлама аясында делегациялар Алматы мемлекеттік табиғи қорығында болып, биоәртүрлілікті сақтау және табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ орман көшеттерін өсіру, күтіп-баптау және орманды қалпына келтіру тәжірибесін зерделеді.

    «Аюсай» визит-орталығы мен Ботаникалық бақта қатысушыларға экологиялық ағарту және өсімдіктер дүниесін сақтау бағытындағы жұмыстар таныстырылды.

    23 қазандағы негізгі отырыста қатысушы елдердің ұсыныстары мен шешім жобаларын талқылау, қорытынды құжаттарды келісу жоспарланған.

    Кездесу орман шаруашылығы саласындағы тәжірибе алмасуға және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары