2026 жылдың23қазанында Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы Жанаарқа ауданында «Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртіпті сақтауын және бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету» тақырыбында «Жанаарка жылу» және «Таза су» коммуналдық кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты бюджет қаражатын нысаналы және тиімді пайдалану, коммуналдық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттыру, қаржылық тәртіпті нығайту және қаржы-шаруашылық қызметіндегі бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау болды.
Брифинг барысында тексеру комиссиясының мүшесі Н.А. Сарсекеева бюджет қаражатын жоспарлау мен жұмсаудың негізділігіне, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің анықтығына, мемлекеттік сатып алудың және коммуналдық активтерді басқарудың тиімділігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар коммуналдық кәсіпорындардың залалдылығы, ішкі резервтерді анықтау, қосымша кіріс көздерін іздестіру, дебиторлық берешекті қысқарту және өндірістік шығыстарды оңтайландыру мәселелері жеке қарастырылды.
Бюджеттік қаржыландыру кәсіпорындардың залалдары мен ағымдағы шығыстарын жабудың тұрақты көзі ретінде қарастырылмауы тиіс екені атап өтілді. Коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру, меншікті кірістерді ұлғайту және бюджеттік қолдауға тәуелділікті кезең-кезеңімен төмендету бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет.
Сондай-ақ ішкі бақылау жүйесін жетілдірудің, қабылданатын басқарушылық шешімдер үшін басшылардың жауапкершілігін арттырудың және бөлінетін бюджет қаражатының қатаң түрде нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қаржылық тәртіпті нығайту, мемлекеттік ресурстарды ұтымды пайдалану және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін төмендетпей, коммуналдық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударылды.








