"Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ
Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері:
- жергілікті бюджеттің атқарылуына, мемлекет активтері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайдаланылуына жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
- жергілікті бюджеттерді атқару, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылау;
- жергілікті бюджетттердің атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау.
Тексеру комиссиясы жүктелген міндеттер шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1)тиімділік аудиті:
- есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлау және атқару, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады;
- бюджеттік инестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепіл берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдалану;
- жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканы немесе экономиканың жекелеген саласын, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларын дамытуға әсері;
- тиісті бюджеттің атқарылуы және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру;
- жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлаудың негізділігі, іске асырылуы жіне жүзеге асыруының тиімділігі;
- тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеу;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару;
- салықтық әкімшілендіру;
- шарттар;
- қоршаған ортаны қорғау саласында;
- ақпараттық технологиялар саласында;
- мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі.
2)сәйкестік аудиті:
- мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуінің және қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы;
- жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарттардың талаптарын орындауы;
- жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, бюджетке түсетін түсімдерді алу, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтару, есепке жатқызудың дұрыстығы;
- жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттер, байланысты гранттар, мемлекеттк жіне мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар түрінде жғары тұрған бюджеттен төме тұрған бюджетке бөлінген қаражатты пайдалану;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес оларға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалануы.
3)жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің аудиті.
Тексеру комиссиясы тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес өзінің аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады.
Тексеру комиссиясы өз өкілеттіктері шеңберінде жыл сайын Ұлытау облыстық мәслихатына астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынатын болады, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады, яғни өткен жылғы атқарылған жұмыс туралы есеп.
Сонымен қатар, тексеру комиссиясы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығаруға құқылы.