27 қазанда Еревандағы COP17 аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев Қоныс аударатын жабайы жануарлар түрлерін сақтау жөніндегі конвенцияның (КМВ) атқарушы хатшысы Энди Рейнмен кездесті.
Тараптар қоныс аударатын жануарларды қорғау, Орталық Азия сүтқоректілерін сақтау бастамасы (CAMI) және Құнмин биоалуантүрлілік қоры қолдайтын жаңа жобаны талқылады.
Энди Рейн Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің тәжірибесі басқа мемлекеттерге үлгі ретінде ұсынылып жатқанын атап өтті.
КМВ хатшылығы Қазақстанның табиғатты қорғау жобаларына техникалық және қаржылық қолдау тартуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.