САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ТІРКЕУ ЕСЕБІНЕН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ШЫҒАРЫЛАДЫ?

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 105-бабына сәйкес, салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару қызмет түріне және есептен шығару негіздеріне байланысты мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жүзеге асырылады.

    Тіркеу есебінен шығару мынадай жағдайларда жүргізіледі:

    Қызметті тоқтату туралы хабарлама негізінде — егер салық төлеуші Салық кодексінің 104-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруды тоқтатса немесе тіркеу деректерінде көрсетілген барлық салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарса.

    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміндегі мәліметтер негізінде — тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда.

    Мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

    * мұнай өнімдерін өндіруге және өткізуге, сондай-ақ темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізуге байланысты жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті жалдау, тапсырма немесе мұнайды қайта өңдеу шарттарының қолданысы тоқтатылған жағдайда;
    * Салық кодексінің 104-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қызмет түрін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжайда болмаған жағдайда;
    * Салық кодексінің 104-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты оларды ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде ұсынбаған жағдайда.

    Назар аударыңыз! Тіркеу есебінен шығару негіздері мен тәртібі жүзеге асырылатын қызмет түріне байланысты болады. Кәсіпкерлер қызметін тоқтатқан кезде мемлекеттік кірістер органдарына тиісті хабарламаны уақтылы беріп, салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттемелерін орындауы қажет.

    #Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары