КЕНТАУ: «М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ №22 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ» КММ-ДЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛД

    1 / 6
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеру тағайындау актісіне сәйкес үстіміздегі жылдың 16 қазан күні Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Кентау қаласының білім бөліміне қарасты «М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназия» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
    Тексеру барысында Дінмұхамед Иглікұлы мекемедегі еңбек қатынастарында еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі, еңбекке ақы төлеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелеріне назар аударылды.
    Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуын бақылау, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек қатынастары саласында түсіндірме жұмысын жүргізді.
    Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттерінің бірі – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және жұмыс берушілерге қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру.
    Департамент алдағы уақытта да еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылау жұмыстарын жалғастырып, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына және жұмыскерлердің құқықтарының қорғалуына ерекше назар аударатын болады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары