Жеке тұлғаның салық берешегін өндіру

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 190-бабы жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу тәртібін реттейді. Егер салық берешегінің сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында белгіленген бір айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын болса, салық органы берешекті өндіріп алу рәсімін бастауға құқылы.

    Жеке тұлға салық берешегін өтеу туралы хабарламада белгіленген мерзімде берешекті өтемеген жағдайда, салық органы берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады. Салық бұйрығы табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

    Салық бұйрығы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, салық органы оны берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жібереді. Салық бұйрығы салық берешегі өтелген, оны шығару тәртібі бұзылған немесе жеке тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот банкроттығы не төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған жағдайларда күшін жояды.

    #Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары