Лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 1 000-ға жуық оқушы қатысуда
Қазақстанның барлық өңірінде 8–11(12)-сынып оқушылары арасында лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңі өтуде. Зияткерлік сайысқа аудандық және қалалық кезеңдерден сүрінбей өткен 1 000-ға жуық оқушы қатысуда. Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың тілдік қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, тіл білімін терең меңгеруге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды анықтау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









