📢 «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ – АУЫЛ КӘСІБІН ДАМЫТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК!
Жетісу облысының ауылдық елді мекендері мен шағын қала тұрғындары үшін кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит алу мүмкіндігі қарастырылған.
Бағдарлама ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына, жеке кәсібін кеңейтуіне, ауыл шаруашылығын дамытуына және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
✅ Несие мерзімі – 5 жылдан 7 жылға дейін;
✅ Микрокредит сомасы – 2 500 АЕК-ке дейін;
✅ Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және кооперативтерді дамыту жобаларына – 8 000 АЕК-ке дейін.
📌 Бағдарламаға қатысу талаптары мен толық ақпаратты суреттен көре аласыздар.
Ауыл кәсіпкерлігін бірге дамытайық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








