2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіруге салық бойынша түсімдерді есепке алу тәртібі өзгертілді (КТПҚ, ЖС және ЕБ үшін ПҚӨС).
Жаңа тәртіпті іске асыру мақсатында мыналар белгіленді:
🔹 2025 жылдың IV тоқсаны үшін декларация заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша ұсынылады, төлем ББК 105306-ға жүргізіледі.
🔹 2026 жылдың салық кезеңдері үшін декларация салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша ұсынылады, төлем ББК 105310-ға жүргізіледі.
Осы тәртіп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін қолданылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардан ПҚӨС бойынша салық есептілігін ұсыну және төлеу кезінде көрсетілген ақпаратты ескеруді сұраймыз.
#законипорядок
#заңментәртіп
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









