Қазақстан мен Ливан журналистері арасындағы байланыстар нығайтылады

    17 қарашада Бейрутта Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Ливанның баспасөз редакторлары одағының төрағасы Жозеф әл-Коссейфимен кездесті. Әңгіме барысында екі ел журналистерінің кәсіби байланыстарын кеңейту және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері сөз болды. Қазақстан мен Ливан жұртшылығының бір-біріне деген қызығушылығын арттыруда және өзара түсіністікті нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне ерекше назар аударылды. Осы ретте бірлескен ақпараттық-танымдық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары