Қазақстан мен Ливанның іскерлік байланыстары кеңеюде

    19 қарашада Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Ливан өнеркәсіпшілері қауымдастығының төрағасы Салим Зееннимен кездесті. Әңгіме барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдары сөз болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуге және өңдеу өнеркәсібіндегі әріптестікті дамытуға ерекше назар аударылды. Осы ретте екі ел кәсіпорындары арасында тікелей байланыстар орнату, олардың бір-бірінің нарығына шығуына жәрдемдесу мен қолайлы алғышарттар қалыптастыру мүмкіндіктері талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары