Түркістан облысында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 4

    Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Әбдіқадыров Әбдіислам Әбдуәлиұлы брифинг барысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұхбат берді.

    2026 жылдың басынан бері облыста 370 өрт тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға азайған.

    Жылыту маусымы басталғалы әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне 12 590 датчик орнатылып, 400-ден астам рейд өткізілді. Газ жабдықтарын пайдалану талаптарын бұзған 200-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Департамент тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және жылыту құралдарының жарамдылығын тұрақты тексеруге шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары