Астанада түнгі ауысымда 600-ден астам жол жұмысшысы қар тазалап жатыр

    1 / 6

    Астананың коммуналдық қызметі толассыз қар жаууына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалада қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    27 қараша күні күндізгі ауысым кезінде ауыр жүк көліктері 84 рейс жасап, қаладан 1 200 текше метрден астам қар шығарды.

    28 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 600-ден астам арнайы техника мен 500-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды.

    Ең алдымен негізгі магистральдық көшелер мен қоғамдық көлік жолдары қардан тазартылады. Одан кейін көлік қозғалысы орташа қарқынды учаскелер, яғни аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазартылады.

    «Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері елордада жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ және боран болуы мүмкін.

    Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын ұстануға және жолға шығар алдын ауа райын ескеруге шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары