«Алтын түлек» – жаңа зияткерлік белестерге бастар жол!

    1 / 3

    2026 жылғы 27 қарашада«Е. Шайкин атындағы Социалистік Еңбек Ері атындағы мектеп-лицейі»КММ базасында 10–11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

    Зияткерлік сайысқа ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 16 оқушы қатысып, өздерінің білімдерін, эрудициясын, логикалық ойлау қабілеттерін және жоғары нәтижеге деген ұмтылысын көрсетті.

    Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 4 оқушы олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Бұл – оқушылардың табанды еңбегінің, мақсаткерлігінің, сондай-ақ ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қолдауының нәтижесі.

    «Алтын түлек» олимпиадасы жоғары сынып оқушыларына өз қабілеттерін танытуға, білім деңгейлерін сынауға және жаңа жетістіктерге қадам басуға мүмкіндік берді.

    Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік, өз күштеріне сенімділік және жарқын жеңістер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары