Алматыда 1,6 мыңнан астам нысан газ бен электр энергиясына көшті

    Алматыда қатты отыннан бас тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қаладағы 2 184 нысанға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 1 668 нысан табиғи газ бен электр қуатына көшкен. Ал 516 нысанда көмір мен басқа да қатты отын түрлері әлі де қолданылады.

    Қазір Алматыны газбен қамту деңгейі 99,6%-дан асты.

    Көмір мен қатты отынды жағу кезінде атмосфераға зиянды заттар, соның ішінде PM2.5 және PM10 ұсақ бөлшектері бөлінеді. Олар ауа сапасына кері әсер етеді.

    Алматы қаласының Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сәйкес, құжатта көзделген жағдайда газ тартылған аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға шектеу қойылады.

    Осыған байланысты жеке сектор тұрғындары мен кәсіпкерлерге техникалық мүмкіндік болған жағдайда жылыту жүйелерін табиғи газға көшіру ұсынылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары