Алматыдағы зиянды шығарындылардың жалпы көлемінің шамамен 60%-ы автокөліктерге тиесілі. Көліктің ауа сапасына әсерін азайту үшін қалада экологиялық талаптарды енгізумен қатар, қоғамдық көліктің мүмкіндігі де кеңейтіліп келеді.
Бұл бағыттағы негізгі жобалардың бірі метро желісін дамыту. Қазір қалада 11 бекет жұмыс істейді. Метро желісін Қалқаман шағынауданына дейін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта метро желісін Барлық базары мен әуежайға дейін жеткізу жоспарланған.
Қолданыстағы көлік желісін жылдам жүретін LRT трамвайы мен Sky Train жерүсті көлігі толықтырмақ.
Бұл жобаларды іске асыру қоғамдық көлікпен қатынауға қолайлы жағдай жасауға, оның қолжетімділігі мен жолаушылар үшін жайлылығын арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









