«Қайрат» Алматыда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

    1 / 5

    Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда швециялық «Мьельбю» командасын 1:0 есебімен жеңді. Матч 26 қарашада Алматының Орталық стадионында өтті. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.

    Кездесудегі жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты. Ол Марк Гуальдың пасын сәтті пайдаланды. Ойынның қалған бөлігінде «Қайрат» есептегі басымдығын сақтап, жеңіске жетті. Күннің суықтығына қарамастан, жанкүйерлер стадионға жиналып, командаға қолдау көрсетті.

    Бұған дейін алматылық клуб сырт алаңда италиялық «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түскен болатын. «Мьельбюді» жеңгеннен кейін «Қайраттың» төрт матчтағы ұпай саны беске жетті.

    «Қайрат» келесі матчын да Алматыда өткізеді. 10 желтоқсанда команда румыниялық «Университатя Крайова» клубымен кездеседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары