Қызметтік автокөліктердің техникалық дайындығы тексерілді

    1 / 4

    Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде қызметтік автокөліктердің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізілді. Басты мақсат – автокөліктердің тұрақты жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және техникалық ақаулардың алдын алу.

    Тексеру барысында көліктердің қозғалтқыштары, тежегіш жүйелері, жарық беру құрылғылары, шиналары және өзге де маңызды техникалық бөліктерінің жағдайы қаралды. Сонымен қатар автокөліктердің қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылуы мен құжаттарының толықтығына назар аударылды.

    Қызметтік көліктердің техникалық жарамдылығы – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және күнделікті қызметті тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты. Сондықтан олардың техникалық жағдайын бақылау тұрақты түрде жүргізіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары