Азаматтық қорғау саласында қызмет ету – батылдық пен жауапкершіліктің, кәсібилік пен отансүйгіштіктің көрінісі. Бұл – қоғамда өзіндік орны бар, құрметке ие әрі сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Ал осы салада кәсіби білім алып, мансап жолын бастаудың тиімді мүмкіндіктерінің бірі – Азаматтық қорғау академиясында оқу.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті болашағын азаматтық қорғау саласымен байланыстырғысы келетін талапкерлерді Академияға оқуға шақырады.
Академияда білім алудың артықшылықтары:
* Оқу толықтай республикалық бюджет есебінен, яғни тегін жүзеге асырылады;
* Курсанттарға мемлекеттік шәкіртақы төленеді;
* Тегін тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі;
* Жатын орын беріледі;
* Оқу мерзімі – 4 жыл;
* Оқу кезеңі әскери қызмет өткеру мерзіміне теңестіріледі;
* Академияны аяқтаған түлектерге «лейтенант» әскери атағы беріледі;
* Бітірушілерді азаматтық қорғау органдарында қызметке орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.
Кімдер оқуға түсе алады?
Қазақстан Республикасының азаматтары, орта білімі бар, жасы 16-дан асқан, денсаулық жағдайы бойынша оқуға және әскери қызмет өткеруге жарамды талапкерлер қабылданады. ҰБТ нәтижесі бойынша конкурсқа қатысуға құқығы болуы қажет.
Академияға ер азаматтармен қатар қыз балалар да қабылданады. Үміткерлер медициналық, физикалық және психофизиологиялық іріктеуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау тәртібі
Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ сертификаты қажет. Оқуға түсу талаптары мен құжаттарды қабылдау тәртібі туралы толық ақпаратты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен алуға болады.
Азаматтық қорғау академиясы – тегін білім, кәсіби даму, әлеуметтік қолдау және абыройлы қызметке бастар мүмкіндік болады. Болашағыңды бүгіннен баста!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









