Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті

    Департамент туралы

    Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті қала аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлінісі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    АҢДАТПА❗️

    2026 жылғы 29 қазан сағат 11:00-де Шымкент қаласы, Тұран ауданы проезд Металистов 1 «Б» мекенжайда орналасқан №1 Қалалық клиникалық ауруханасында өрт-тактикалық жаттығу өтеді. Жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандағы шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелері, нысан қызметкерлері мен қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталады. ❗️Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізілетініне байланысты өрт сөндіру техникасы мен арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына алаңдамауларыңызды, үрейленбей, сабырлық сақтауларыңызды және тек ресми деректерге сүйенулеріңізді сұраймыз.

    29 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АҢДАТПА❗️

    2026 жылғы 16 қыркүйек сағат 10:00-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әл-Фараби алаңы, №3/1 мекенжайында орналасқан «Shymkent Plaza» ойын-сауық кешенінің ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандағы шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелері, нысан қызметкерлері мен қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталады. ❗️Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізілетініне байланысты өрт сөндіру техникасы мен арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына алаңдамауларыңызды, үрейленбей, сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз.

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа: «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

    Шымкент қаласы аумағында 2026 жылғы 28-29 мамыр аралығында «Өрт-2026» республикалық-командалық штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы қала аумағында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі. 📌Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды, сондай-ақ тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.

    28 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Дауылды ескерту

    Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2026 жылғы 20 мамырынды дауылды ескерту туралы №20 ҚҚ хатына сәйкес Шымкент қ.: 21 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Дауылды ескерту

    Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2026 жылғы 19 мамырдағы дауылды ескерту туралы №19 ҚҚ хатына сәйкес Шымкент қ.: 20 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

    20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа

    2026 жылғы 29 сәуір сағат 15:00-де Шымкент қаласы, Анаров көшесі, № 9 мекенжайында орналасқан «Шымкент» теміржол вокзалы ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі. Құрметті қала тұрғындары! Оқу-жаттығу өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларын арттыру, сондай-ақ нысан қызметкерлерін төтенше жағдай туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету мақсатында өткізіледі. Сіздерден сабыр сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Хаттама

    ХАТТАМА

    Азаматтық қорғау органдарынакіру үшін алғашқы кәсіптікдаярлыққа қабылдау бойыншакомиссия отырысы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әңгімелесу өткізу кестесі

    2026 жылғы 23 қазан сағат 17:00-де «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында (Шымкент қаласы, Назарбаев даңғылы, 151/1) Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерісанаты бойынша іріктеуге қатысатын кандидаттармен әңгімелесу өтеді.

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы ІV-тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесі

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының 2026 жылғы ІV-тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесі

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Шымкент қаласының азаматтық қорғау қызметтерін құру туралы

    «Шымкент қаласының азаматтық қорғау қызметтерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 21-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Шымкент қаласының аумағында орналасқан азаматтық қорғаныс объектілеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу туралы

    О внесении изменений в распоряжение акима города Шымкента от 14 июля 2020 года № 83-ө «О проведении инвентаризации объектов гражданской обороны, расположенных на территории города Шымкента»

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберілген кандидаттардың тізімі

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесіне өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері санаты бойынша іріктеуге жіберілген дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберілген кандидаттардың тізімі.

    Жарияланды: