1 / 8
Мобильді еріктілердің төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және халыққа көмек көрсетуге даярлығын арттыру мақсатында практикалық сабақтар өткізілді.
Сабақтарға Жедел құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары қатысып, еріктілерге төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары, зардап шеккендерге көмек көрсету тәртібі және алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мұндай практикалық сабақтар еріктілердің кәсіби даярлығын арттыру және төтенше жағдайлар кезінде тиімді әрекет ету дағдыларын жетілдіру мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.








