АҢДАТПА

    2026 жылғы 29 қазан сағат 11:00-де Шымкент қаласы, Тұран ауданы проезд Металистов 1 «Б» мекенжайда орналасқан №1 Қалалық клиникалық ауруханасында өрт-тактикалық жаттығу өтеді.

    Жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандағы шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелері, нысан қызметкерлері мен қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталады.

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

    Оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізілетініне байланысты өрт сөндіру техникасы мен арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына алаңдамауларыңызды, үрейленбей, сабырлық сақтауларыңызды және тек ресми деректерге сүйенулеріңізді сұраймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары