1 / 5
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту және спортшыларды қолдау мәселелері бойынша талқылау өткізілді.
Талқылау барысында спортшылардың дене дайындығын жетілдіру, денсаулығын нығайту және алдағы жарыстарға сапалы дайындалуына қажетті жағдай жасау мәселелері қаралды. Спортшылардың физикалық дайындығын қолдау және спорттық әлеуетін арттыру мақсатында олар дәрумендермен қамтамасыз етілді.
Аталған қолдау шарасы спортшылардың күш-қуатын сақтауға, жаттығу үдерісінің тиімділігін арттыруға және алдағы жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді.









