ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

    1 / 5

    Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде тазалықты сақтау, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысу жалғасуда.

    Акция аясында Департаменттің жеке құрамы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қызметтік ғимараттар мен оларға іргелес аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақтарды қураған шөп пен түскен жапырақтардан тазартты, сондай-ақ айналаны ретке келтірді.

    Мұндай іс-шаралар аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға, жұмыс істеуге қолайлы орта қалыптастыруға және тазалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Департамент қызметкерлері қоршаған ортаға қамқорлық таныту жеке жауапкершілік пен нақты әрекеттен басталатынын өз үлгісімен көрсетуде.

    Қаланың тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Бүгін тазалық пен тәртіпті сақтай отырып, туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосамыз және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырамыз.

    Тазалық өзімізден басталады!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары