Қазақстанда 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күніне орай Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, жастар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Салтанатты шара аясында заманауи құрал-жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Қала әкімі арнайы жабдықтармен танысып, олардың мүмкіндіктері мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезіндегі маңызын атап өтті.
Кәсіби мерекемен құттықтаған қала әкімі құтқарушылардың азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін қорғаудағы айрықша рөліне тоқталды. Жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген қызметкерлерге алғысын білдіріп, бірқатар маманға алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік жиын барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Т. Мадиев құтқарушыларға өзінің мерекелік құттықтауын жеткізіп, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының мамандарын медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар бірқатар қызметкерге кезекті арнаулы атақтар берілді.
Ерлік пен кәсібилікті ұлықтап, құтқарушылардың ерен еңбегіне құрмет көрсеткен мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
ЕРЛІККЕ ҚҰРМЕТ, ЕҢБЕККЕ ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
1 / 13
Ұқсас материалдар

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогының жеңімпазы атанды!
Ақтөбе облысының әкімдігіАшуҚАЗАҚСТАН ТАРИХТА ТҰҢҒЫШ РЕТ FIE ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ АТАНДЫ
ҚР ТСМАшу
Қазақстан мен Алжир кәсіпкерлері арасында Республика күні қарсаңында Бизнес-телекөпір өтті
Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Жер сілкініс болған жағдайда қандай әрекет істеу қажет?
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Шетелдегі отандастар арасында «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауы
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
"Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары

Ерлікке тағзым: Жомарт Сарсенбековті еске алуға арналған футбол турнирі өтті
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу
Құтқарушылардың ерлігі – бұқаралық ақпарат құралдарының назарында
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу
Шымкент қаласы ТЖ департаментінде қысқы киім нысанына көшу іс-шарасы өтті
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу
Құтқарушыларға құрмет – қауіпсіздікке тағзым
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу
ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу