1 / 10
Төтенше жағдай туындаған кезде қала тұрғындарын қабылдауға Шымкент қаншалықты дайын? Осы мақсатта қаладағы №144 эвакуациялық-жинау және зардап шеккен халықты қабылдау пунктінің дайындығы тексерілді.
Практикалық оқу-жаттығу барысында мамандар пункттің зардап шеккен тұрғындарды қабылдап, уақытша орналастыруға әзірлігін бағалап, төтенше жағдай кезіндегі ұйымдастыру мәселелерін пысықтады.
Қазіргі таңда қаладағы білім беру ұйымдарының базасында 167 эвакуациялық пункт жұмыс істейді. Олар төтенше жағдай кезінде тұрғындарды уақытша орналастыруға және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуге арналған.
Тексеру қорытындысы бойынша бағалау парағы толтырылып, пункттің дайындығын одан әрі жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.








