«Үздік буын» байқауында Шымкент қаласының құрама командасы жүлделі орын иеленді

    1 / 5

    2026 жылғы 29 қазанда Алматы қаласы ТЖД ұйымдастыруымен оңтүстік өңірлердің құтқарушылары арасында «Үздік буын» байқауына қатысты.

    Аталған байқауға қатысқан Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасы жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, жарыс қорытындысы бойынша ІІ орынды иеленді. Байқау барысында қатысушылар кәсіби шеберліктерін, дене дайындығын, жылдамдығы мен ептілігін, сондай-ақ командалық үйлесімділігін көрсетті. Бұл жетістік – жеке құрамның жүйелі дайындығы мен табанды еңбегінің нәтижесі.

    Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті құрама команданы лайықты жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары