🎬 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, СТУДЕНТТЕР! БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР БАЙҚАУЫ - 2026!
Бейне түсіруді, монтаж жасауды, қызықты оқиғаларды баяндауды және маңызды тақырыптарды ашуды ұнатасың ба? Онда бұл байқау сен үшін!
Қарағанды облысындағы жоғары оқу орындарының студенттерін дін саласындағы мәселелерді жариялау жөніндегі студенттік бейнематериалдар байқауына қатысуға шақырамыз!
📌 Байқау жұмыстарының тақырыптары:
• Дін саласындағы мемлекеттік саясат;
• Зайырлы мемлекет қағидаттары;
• Конфессияаралық келісім;
• Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
🏆 Жеңімпаздарға арналған сыйлықтар:
🥇 I орын - 300 000 теңге
🥈 II орын - 200 000 теңге
🥉 III орын - 100 000 теңге
🎥 Бейнематериалдарға қойылатын талаптар:
• Ұзақтығы - 5 минуттан аспауы тиіс;
• Форматы - MP4 немесе MOV;
• Ажыратымдылығы - Full HD (1920×1080) кем емес;
• Көлденең немесе тік форматтағы бейнематериалдар қабылданады;
• Жеке қатысуға немесе 3 студентке дейінгі команда құрамында қатысуға болады.
Бұрын жарияланған және әлі жарияланбаған авторлық жұмыстар қабылданады.
Байқау ережесінің толық мәтіні «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ-нің ресми сайтында орналастырылған.
Students_2026.docx
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 2-30 қараша.
📩 Байқауға қалай қатысуға болады?
Қатысу үшін байқау ережесінің 1-қосымшасына сәйкес толтырылған өтінімді және бейнематериалды көруге әрі жүктеп алуға болатын бұлттық сақтау қоймасындағы сілтемені электрондық поштаға жіберу қажет:
📧 [email protected]
Хат тақырыбы: «Студенттік бейнематериалдар байқауы».
📞 Қосымша ақпарат: 8 701 433 13 77 (сағ. 10:00-ден 18:00-ге дейін).
Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Ұйымдастырушы:«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ @din_qaragandy
🎬 Сенің идеяң жеңіске жетуі мүмкін! Идеяңды жүзеге асыр, бейне түсір және байқауға қатыс!
#СтуденттерБайқауы #БейнематериалдарБайқауы #Қарағанды #ҚарағандыОблысы #Жастар #Студенттер #Байқау2026 #Қазақстан
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









