Қарағанды облысында «Стратегиялық цифрлық коммуникациялар: дезинформацияға қарсы іс-қимыл технологиялары және Интернет желісіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысының әдістемесі» тақырыбында оқыту семинары өтті

    1 / 3

    Қарағанды облысында «Стратегиялық цифрлық коммуникациялар: дезинформацияға қарсы іс-қимыл технологиялары және Интернет желісіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысының әдістемесі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
    Іс-шараға интернет-кеңістікте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін Қарағанды облысының мамандары қатысты.
    Семинардың негізгі мақсаты цифрлық коммуникациялар саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, Интернет желісінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тәсілдерді жетілдіру, сондай-ақ жалған ақпаратты анықтау мен оған қарсы іс-қимылдың заманауи әдістерін игеру болды.
    Спикер ретінде халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Дианна Бекханқызы Есенова сөз сөйледі.
    Семинар барысында тиімді ақпараттық стратегияны қалыптастырудың, дұрыс ақпаратты тарату үшін цифрлық құралдарды пайдаланудың, манипуляциялық мазмұнды анықтаудың және әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-ресурстарда дұрыс емес мәліметтерді таратуға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.
    Цифрлық ортада ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдістерін жетілдіруге, дайындалатын материалдардың сапасын арттыруға және интернет-аудиториямен кәсіби өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
    Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға оқудан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары