Қарағанды облысының дін істері басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысында конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын жүзеге асыру және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайтын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

    Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 42/05 қаулысымен құрылды.

    Басқарма жанында «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир «Заң және Тәртіп: Қазақстан Республикасында зайырлылық қағидаттарын сақтай отырып, конфессияаралық диалог – қоғамдық шарттың маңызды бөлігі»

    28.01.2026 сағат 15:00-де senim109.kz алаңында: Тікелей эфир тақырыбы - «Заң және Тәртіп: Қазақстан Республикасында зайырлылық қағидаттарын сақтай отырып, конфессияаралық диалог – қоғамдық шарттың маңызды бөлігі». • Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубының модераторы, Қарағанды облысы ҚХА медиация кеңесінің төрағасы, “Қазақстанның терроризмге қарсы комитеті” РҚБ ҚОФ басшысы - Дмитрий Полтаренко • “Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ басшысы - Қаржасбаев Ринат Мұратұлы; • Оңалту бөлімінің басшысы «Қарағанды облысының дін істері басқармасы Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ - Рымкулов Султан Аманболдыұлы. Құрметті тұрғындар, тікелей эфирде, сондай-ақ осы жазбаның астында сіздер өздеріңізді толғандырып отырған сұрақтарды қоя аласыздар.

    28 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Миссионер ретінде қайда және қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Миссионер ретінде тіркелу үшін Сізге мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру қажет, «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары аясында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктер аталған мемлекеттік қызметті көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы қажетті құжаттардың тізбесімен өтініш беру қажет.

    Сұрақ

    Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни әдебиеттерді әкеле ала ма?

    Жауап

    Жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер ғана әкеле алады

    Ереже

    Дін саласындағы мәселелерді жариялау жөніндегі студенттік бейнематериалдар байқауы туралы ереже

    Жарияланды:
    Ереже

    Дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жариялау байқауы туралы ережесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізімі

    «Дін істері басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының дін істері басқармасының Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізімі № п/п Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі 1 Басқарма басшысы Басқармаға жүктелген функцияларды орындау, мемлекеттік қызметте болуына байланысты заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін бұзу; мемлекеттік мүлікті басқару; кадр саясаты, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру. Мүдделер қақтығысы. Жоғары 2 Бөлім басшысы Мемлекеттік қызмет көрсету. Нормативтік құқықтық құжаттарды дайындау. Азаматтардың өтініштерін қарайды және олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Бөлімнің жұмысын үйлестіреді. Сот процестеріне қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін бұзу. Нормативтік құжаттардың дұрыс емес ақпараты. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу. Мүдделер қақтығысы. Орташа 3 Бас маман Мемлекеттік қызмет көрсету. Нормативтік құжаттарды дайындау Азаматтардың өтініштерін қарайды және олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін бұзу. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу. Төмен 4 Бас маман (бухгалтер) Мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру және өткізу. Бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану. Төмен 5 Орталық басшысы Жүктелген функцияларды орындау, қызметте болуына байланысты заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау Мемлекеттік мүлікті басқару; кадр саясаты, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру. Мүдделер қақтығысы. Жоғары 6 Бас бухгалтер Мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру және өткізу. Бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану. Төмен

    Жарияланды:
    Есеп

    2022 жыл есебі

    Жарияланды:
    Есеп

    2024 жыл есебі

    2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері

    Жарияланды:
    Есеп

    2025 жыл есебі

    2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері

    Жарияланды: