«Аманат» спорт кешенінде Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «ТЕҢБІЛ ДОП-2026» шағын футбол турнирі өтті.
Спорттық іс-шара салауатты өмір салты мен спортты насихаттауға, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, қоғамдағы өзара сыйластық пен татулықты дамытуға, сондай-ақ қазақстандық қоғамның бірлігін арттыруға бағытталды.
Турнир қорытындысы бойынша «Төле би мешіті» командасы чемпион атанды. Екінші орынды «Әлихан Бөкейха мешіті» командасы, ал үшінші орынды «Әнет баба мешіті» командасы иеленді.
Ерекше көзге түскен ойыншылар келесі номинациялар бойынша алғыс хаттармен марапатталды:
🏆 «Үздік ойыншы» – Джуматов Құрмаш.
🏆 «Үздік шабуылшы» – Байшагиров Темірбек.
🏆 «Үздік қақпашы» – Думанов Имамали.
🏆 «Үздік қорғаушы» – Кокушев Айдар.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Дәстүрлі түрде өткізілетін «ТЕҢБІЛ ДОП» турнирінің барлық қатысушыларына алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!







