КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӘДІЛДІКТІҢ НЕГІЗІ.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің негізгі заңы, қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызды кепілі.
    Конституцияда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, міндеттері, сондай-ақ мемлекеттің құрылымы мен басқару қағидаттары айқындалады.
    📌 Конституцияның маңызы неде?
    🔹 Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негіз болады.
    🔹 Заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарын нығайтады.
    🔹 Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға ықпал етеді.
    🔹 Азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
    Конституцияны білу және құрметтеу – әрбір азаматтың құқықтық мәдениетінің көрінісі. Заңды сақтау, өз құқығын білу және өзгенің құқығын құрметтеу – дамыған қоғамның басты белгілері.

    Конституцияны құрметтеу – ел болашағына деген жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары