Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің Теміртау қаласына сапары

    Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы қызметі аясында Теміртау қаласына іссапар ұйымдастырылды. Кездесулер барысында халықтың әртүрлі санаттарымен қоғамдық келісімді нығайту, діни сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ радикалды идеологияларға қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қоғамда толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілді.Бұдан бөлек, қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылып, оның аясында профилактикалық жұмыстың заманауи тәсілдері мен тиімді әдістері қарастырылды. Іс-шара қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының дін істері басқармасы" жаңалықтары