Бүгін Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде WKF каратэден 5-ші Moscow Karate Universe халықаралық жарысы аяқталды.
Қазақстан командасы жарыс нәтижесінде 2 алтын, 4 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.
🥇 Каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай кумите бағдарламасында 50 кг дейінгі салмақта топ жарды. Ол финалда өзбекстандық татами шебері Диёра Пулатованы айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жек 5-1 есебімен аяқталды.
🥇 Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2 дүркін Азиада жеңімпазы Софья Берульцева (+68 кг) алтыннан алқа тақты. Отандасымыз ақтық сында Махбуб Башари Атенаға (Иран) еш мүмкіндік қалдырған жоқ.
🥉 Гүлмира Үсенова (-55 кг), Айжан Бәкірова (-61 кг), Азия чемпионы Дайяна Даренская (-68 кг) мен Никита Тарнакин (-84 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.
Үш күнге созылған бәсекеге 40 мемлекеттен 400-ден астам татами шебері жиналды.
Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан спортшылары турнирде 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленген еді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








