Минск, 2026 жылғы 2 қараша – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) тұрақты даму жөніндегі форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Өз сөзінде Елші Қазақстанның ШЫҰ-ны өңірлік ынтымақтастықты нығайту және практикалық өзара іс-қимылды кеңейту үшін маңызды көпжақты алаң ретінде қарастыратынын атап өтті. Форумның өткізілуі қатысушы мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруға жоғары деңгейде бейілділігін тағы бір мәрте растады.
Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу Қазақстанның ұлттық саясатының ажырамас бөлігіне, сондай-ақ ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа реформалар мен шараларды әзірлеудің негізіне айналды.
ШЫҰ елдерінің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы күш-жігерін біріктіруі Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық міндеттерін орындауға елеулі үлес қоса алады.
Сөз соңында Т.Жақсылықов ШЫҰ шеңберіндегі әріптестікті одан әрі нығайту мемлекеттерге қолда бар әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалануға, ортақ сын-қатерлерге бірлескен жауаптар табуға және бүкіл өңірдің тұрақты дамуы мүддесінде практикалық бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







