Минск, 2026 жылғы 29–30 қазан – Беларусь Ұлттық кітапханасында «Мәдениет феномені ретіндегі кітапхана» атты XIII Халықаралық конгресс өтуде. Биылғы форум әйел адамның мәдениеттегі рөліне арналған.
Ауқымды форумға Беларусь, Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Болгария, Вануату, Үндістан, Индонезия, Куба, Қырғызстан, Мали, Мьянма, Оман, Сербия, Словения, Того, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерді қоса алғанда, 20 елден 450-ден астам делегат қатысуда.
Конгресс аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова «Оқу мәдениетін дамытудағы және оқырман ұлтты қалыптастырудағы кітапханалардың рөлі: Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
Форум аясында Қазақстан мен Беларусь ұлттық кітапханалар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатта мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасу, кітап және ақпараттық ресурстармен алмасу, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар мен көрмелер өткізу көзделген.







