Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі
Елшілік туралы
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер. Бұл сайт жұртшылықты Қазақстанның Беларусьтегі дипломатиялық миссиясының қызметімен таныстыру үшін ұсынылған.
1992 жылғы 16 қыркүйекте - Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1993 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі ашылды. 2024 жылғы 4 маусымнан бастап Тимур Мекешевич Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.
Екі ел арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенім атмосферасында дамып келеді. Аймақтық және халықаралық саясаттың көптеген проблемалары бойынша екі мемлекеттің ұстанымдары ұқсас немесе жақын. Бұл екіжақты және көпжақты форматтағы байланыстардың оң динамикасымен расталады.
Бүгін, 2026 жылғы 2 қарашада Қазақстан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуын атап өтуде. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым -этнограф. Ол қазақ балаларының білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. 1864 жылғы қаңтарда Ыбырай Алтынсарин Торғайда мектеп ашты. Кейін облыстық мектептер инспекторы қызметін атқара жүріп, жаңа оқу орындарын, соның ішінде қолөнер училищесін ашты, сондай-ақ қыз балаларға арналған мектептің ашылуына ықпал етті. Ол Қазақстан балаларына арналған алғашқы оқулықтардың бірқатарының авторы атанып, еліміздің заманауи білім беру жүйесінің негізін қалады.
2026 жылғы 22 қазанда Шымкентте IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) өтеді. Форумға әлемнің 40 елінен 500-ден астам инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысады. Форумның басты тақырыбы – «Тұрақтылықтан өсімге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі». Күн тәртібінде – сапалы инвестициялар мен технологиялар тарту, стратегиялық серіктестікті нығайту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері. Панельдік сессияларда цифрлық экономика мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін жаңа өндірістер мен логистикалық хабтар құруға пайдалану мүмкіндіктері талқыланады. https://kgir.kz/kz/press-releases/ix-kazakhstan-global-investment-roundtable-kgir-2026/
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Халықаралық әріптестерді, қаржы институттары мен бизнес қауымдастықты 2026 жылғы 22-24 мамырда Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында өтетін ULTTYQ ÓNIM 2026 отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы көрмесіне қатысуға шақырады. ULTTYQ ÓNIM-600-ге жуық қазақстандық өндірушілерді біріктіретін және бизнесті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктер жасайтын негізгі ұлттық платформа. Көрме аясында: * отандық компаниялардың өнімдерін көрсету * іскерлік және халықаралық серіктестіктер құру * инвестициялық және қаржылық шешімдерді іздеу • B2B-шетелдік серіктестермен кездесулер Іскерлік бағдарлама халықаралық ұйымдар, қаржы институттары мен банктер өкілдерінің қатысуымен Бизнес-форумды қамтиды. Қатысушылар арасында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі халықаралық ұйымдарды, қаржы институттары мен компанияларды көруге қуаныштымыз. Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/VJx27SDa3aLXu4aD6 "Даму" қоры - біздің қолдауымыз, Сіздің дамуыңыз. Қатысу мәселелері бойынша: [email protected][email protected]
Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жыл Өтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы, «Жоңғар-Алатау» МҰТП 2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара. Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының көркем маңында ұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы жерде жер шарындағы Сиверс жабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Ғалымдардың бағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48%-ы Жетісу өңірінде шоғырланған. Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасы ішінде тау беткейлері нәзік ақ және қызғылт гүлге оранып, алқаптарды нағыз көркем табиғи көрініске айналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сирек табиғи құбылысты тамашалап, оның тарихымен танысып, фестиваль атмосферасын сезінеді. Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірді халықаралық деңгейде танытуға арналған алаң болмақ. Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, бұл оның маңыздылығы мен туристік тартымдылығын айқындайды. Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекше атмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер – Bayansulu және Қуандық Рахым сахнаға шығып, гүлдеген таулар аясында жарқын концерттік бағдарлама ұсынады. Фестиваль бағдарламасы: Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларының панорамалық көріністері; Plein air форматындағы суретшілер байқауы; Мәдени іс-шаралар; Ұлттық спорт ойындары; Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары; Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар. «Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі – Қазақстанның ең әсем табиғи құбылыстарының бірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясында өткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді. Жетісу сіздерді табиғаттың аңызына шақырады!
2 мамыр 2026 ж.Тікелей
Село Тополевка, Сарканский район, ГНПП «Жонгар-Алатау»
29 сәуірде сағат 9.00-дан бастап Қостанай қаласында жылдың ең ауқымды іс-шарасы басталады. «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі қостанайлық тұрғындар мен елдің барлық өңірлерінен келген қонақтарды біріктіреді. Бұл фестиваль Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғаларының бірі болмақ. Фестиваль бағдарламасын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашады. Қонақтар алдында TED-форматында сөз сөйлейтін фестивальдің хэдлайнерлері қатарында ірі өндірістің, ІТ-компаниялардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері бар. Олардың арасында «KIA QAZAQSTAN» бас директоры Де Ки Ким, Freedom Cloud компаниясының CEO-сы және ҚР Президенті жанындағы ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңестің жұмыс тобының кеңесшісі Темірлан Зиналабдин , Allur компаниялар тобының автокөлік өндірісі саласының басшылығы, технология және білім беру саласындағы кәсіпкер, Оксфордта білім алған алғашқы қазақстандық Ғабит Бекахметов және тағы басқалар бар. «Жастар сарайының» күту залында қонақтарды фестиваль маскоты - Q-AI трансформеры қарсы алады және заманауи технологиялар көрмесі ұйымдастырылады. Екінші қабаттағы интерактивті аймақта инновациялық процестер көрсетіледі: ақылды өндіріс 5.0, автономды жүйе және технологиялардың бірлескен әрекеті, қаланың цифрлы инфрақұрылымы және урбанистика, XR-оқу мен иммерсивті мамандықтар, болашақ экологиясы, логистика, цифрлы әлемдегі қауіпсіздік туралы мәселелер және тағы басқа. Фестиваль тек технологиялар мерекесі ғана емес, сонымен бірге эксперимент алаңы болмақ. Екінші қабатта балалар мен жасөспірімдер үшін болашақ технологиялар кеңістігі ұйымдастырылады. Мұнда мини-турнирлер өткізілетін киберспорт аренасы, технополигон, конструкторлық зертхана және робототехника аймағы құрылады. Жас буын үшін VR/AI аймағы ерекше қызығушылық тудырады, мұнда симуляциялар зертханасы ауыл шаруашылығы техникасын басқарудан бастап электр көліктерін құрастыру жұмысына дейінгі нақты өндірістік процестердің ішінде болуға мүмкіндік береді. Көше алаңында балалар мен олардың ата-аналарына шеберлердің сабақтары, химия мен физика бойынша эксперименттер мен ғылыми шоулар, сұйық азоттың мүмкіндіктері мен Тесла шоуы ұйымдастырылады. Сондай-ақ аумақта ұйымдастырылатын көрмеде өңірдегі жетекші өндірушілердің техникасы көрсетіледі. Автокөлік өндірісі процесін және өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын өз көздерімен көргісі келетіндер үшін күні бойы индустриялық экскурсиялар ұйымдастырылады, бұл экскурсиялар қала тұрғындары мен қонақтары үшін тұрақты болмақ. Фестивальдің маңызды міндеттерінің бірі бұл отбасы құндылықтарын, ұрпақтар жалғастығын және еңбек пен білімге деген құрметті күшейте отырып, жаңа буынды машина жасау мен агроөнеркәсіп кешендерінің дамуының іргетасына айналып отырған бағдарламалау мен жасанды интеллект жүйесін зерделеуге шабыттандыру. Фестиваль қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама жоспарланған: Технологиялар мен ЖИ саласындағы жетекші спикерлердің сөз сөйлеуі Жобалар мен технологияларды көрсету Интерактивті алаңдар мен эксперимент аймағының жұмысы Өңір кәсіпорындарының көрмесі Әсерлі концерт бағдарламасы Көптеген қосымша іс-шаралар мен сыйлықтар Әркім өз талғамына сай іс табады. Қонақтарға қолайлы болу үшін аумақта тамақтану аймағы жұмыс істейді. Фестиваль сағат 19:00-де қазақстандық эстрада жұлдызы Bayansulu қатысатын концерттік бағдарламамен аяқталады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ ниет білдірушілерді 18 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап өтетін «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваліне шақырамыз. Өтетін уақыты : 29 сәуір с ағат 9.00 - д ан 20.00 -ге дейін Өтетін орны: «Жастар сарайы» және іргелес аумақ, Индустриялық аймақ Қосымша ақпарат, пікірлер мен барлық сұрақтар бойынша: Байланысушы тұлға : Анна Лазарева Телефон: 8 777 370 23 04
Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. «Astana Eurasian Book Fair-2026» көрмесіне 80-ге жуық кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады. Соның тең жартысы қазақстандық ұйымдар болса, Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен 40 компания қатысқалы отыр. «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени- іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол» поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр. 23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді. Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.
«Қазақстан – менің көзіммен» атты халықаралық онлайн сурет байқауы
«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын қазақ балалары арасында «Қазақстан – менің көзіммен» атты халықаралық шығармашылық онлайн сурет байқауын өткізеді. Конкурстың мақсаты – Қазақстан және оның тарихи-мәдени мұрасы, табиғаты мен ұлттық құндылықтары туралы шығармашылық түсінік арқылы шетелде тұратын қазақ балаларының тарихи Отанымен рухани байланыстарын нығайту. Конкурсқа 12 -17 жас аралығындағы қазақ ұлтты шетел азаматтары қатыса алады. Конкурстық жұмыстар 2026 жылдың 28 тамызына дейін [email protected] электрондық пошта арқылы қабылданады. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жарияланды:
Ақпарат
Қазақстанда білім алу
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ АЛУ Ұсынылып отырған материалдар топтамасына презентациялық бейнероликтер, фотоматериалдар, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру және ғылыми әлеуеті, заманауи инфрақұрылымы, халықаралық ынтымақтастығы туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын жетекші шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметі жөніндегі ақпараттық материалдар енгізілген. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі туралы презентациялар мен мультимедиялық материалдар келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/1Bab1H3FJgh-F6RQc4bgaMUEmhII4cKvE
Жарияланды:
Ақпарат
Домбыра туралы тарихи-анықтамалық мәлімет
«Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі». Ахмет Жұбанов Қазақ халықының сан салалы өнері ішіндегі сан ғасырлық тарихы бар ерекше арнасы – домбырашылық-күйшілік дәстүрі болып табылады. Археологиялық және этнографиялық деректер бойынша домбыра тектес аспаптар Еуразия даласында мыңдаған жыл бұрын қолданылған. Кей деректерде оның тарихы 2000-6000 жыл аралығын қамтитыны айтылады . Домбыра аспабының қазақ халқының руханиятында ала орны ерекше. Музыкалық аспаптың қалыптасуы көне замандардан бастау алады. Алтайдан Анадолғы дейінгі түркі тілдес халықтарда домбыра аспабы кеңінен тарлаған. Алғашқы домбыра аспапбының пайда болып, шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады. Академик Ахмет Жұбанов:«Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең ауялы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады» дейді. Домбыра аспабының ең көне нұсқалары Алтай-Моңғол тауларындағы Жарғаланд-Қайырқан жоталарындағы үңгірлерден екі ішекті пернелері бар домбыра аспабы табылған. Алғашқы табылған саз аспабының шанағында көне жазулар болған. Ол жазуларды Берлиндік түркітанушы ғалым Peter Sieme оқып, түркітанушы ғалым Қ. Сартқожаұлының айтуы бойынша «Жұпар күй әуені бізді сүйіспеншілікке бөлейді» -деп жазылған. Бұл құнды жәдігер б.з.д 5-6 ғғ. жатады.