
ЖАҚСЫЛЫҚОВ Тимур Мекешұлы
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ҚР Тұрақты Өкілетті Өкілі
1968 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1993 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша, содан кейін 1997 жылы Страсбург саяси зерттеулер институтының (Франция) магистратурасын бітіріп, 2003 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «экономика» мамандығы бойынша тәмәмдады. Еңбек жолын 1985 жылы Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының 2-разрядты жұмысшысы қызметінен бастаған.