«Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі,
көпті көрген қарияның көкірек күйі».
Ахмет Жұбанов
Қазақ халықының сан салалы өнері ішіндегі сан ғасырлық тарихы бар ерекше арнасы – домбырашылық-күйшілік дәстүрі болып табылады. Археологиялық және этнографиялық деректер бойынша домбыра тектес аспаптар Еуразия даласында мыңдаған жыл бұрын қолданылған. Кей деректерде оның тарихы 2000-6000 жыл аралығын қамтитыны айтылады .
Домбыра аспабының қазақ халқының руханиятында ала орны ерекше. Музыкалық аспаптың қалыптасуы көне замандардан бастау алады. Алтайдан Анадолғы дейінгі түркі тілдес халықтарда домбыра аспабы кеңінен тарлаған. Алғашқы домбыра аспапбының пайда болып, шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады. Академик Ахмет Жұбанов:«Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең ауялы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады» дейді. Домбыра аспабының ең көне нұсқалары Алтай-Моңғол тауларындағы Жарғаланд-Қайырқан жоталарындағы үңгірлерден екі ішекті пернелері бар домбыра аспабы табылған. Алғашқы табылған саз аспабының шанағында көне жазулар болған. Ол жазуларды Берлиндік түркітанушы ғалым Peter Sieme оқып, түркітанушы ғалым Қ. Сартқожаұлының айтуы бойынша «Жұпар күй әуені бізді сүйіспеншілікке бөлейді» - деп жазылған. Бұл құнды жәдігер б.з.д 5-6 ғғ. жатады.