Жылыту маусымындағы қауіпсіздік: Шымкентте профилактикалық жұмыстар күшейтілді

    1 / 7

    Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселелеріне арналған брифинг өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майорыОлжас Қырықбаевжылыту маусымында орын алатын өрттер мен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, өткен кезеңнің нәтижелері және тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар туралы баяндады.

    (Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша қалада өрт оқиғалары мен олардың салдарынан жарақат алғандар санының төмендегені байқалады. 2024–2025 жылғы жылыту маусымында 109 өрт тіркелсе, 2025–2026 жылғы кезеңде 73 өрт орын алған. Осылайша, өрт саны 30 пайызға азайған. Өрт салдарынан жарақат алғандар саны да 11-ден 2-ге дейін төмендеп, 5,5 есеге қысқарған.

    2026–2027 жылғы жылыту маусымында өрт пен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу мақсатында қала аумағында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.Жылыту маусымы басталғалы бері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 23 524 тұрғын үйді аралап, 56 102 адамды қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарымен қамтыды. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы 1 208 отбасының тұрғын үйлеріне ерекше назар аударылды.

    Шымкент қаласы әкімдігімен бекітілген жылыту маусымына арналған жоспарға сәйкес, 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілді.Айлық аясында әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне барып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пештер мен жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану, мұржаларды уақытылы тазалау және газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында 90 тұрғын үйде қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталып, жалпы 154 бұзушылық тіркелді.

    Профилактикалық шаралар қаладағы жеке тұрғын үйлерді де кеңінен қамтыды. Департамент қызметкерлері 15 мыңнан астам үйде үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 159 тұрғын үйге газдануды анықтайтын құрылғы орнатылып, 75 үйдің мұржалары тазартылды.

    Қауіпсіздік талаптарын тұрғындарға жеткізу мақсатында ақпараттық жұмыс бірнеше бағытта ұйымдастырылды.Бұқаралық ақпарат құралдарында 293 материал жарияланып, Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілерінде 130 материал жарық көрді. Шағын аудандарда дауыс зорайтқыштар арқылы 370 рет үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

    Балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға да басымдық берілді. Қала мектептерінде 4 980 оқушыны қамтыған 103 интерактивті және ашық сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдерінде 819 оқушының қатысуымен 37 экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында 6 232 адамды қамтыған 190 жиын және 84 нұсқаулық өткізілді.

    Тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында «Ата-анаңның үйін тексер», «Қауіпсіз пеш», «Өрт қауіпсіздігінің 10 күндігі» акциялары ұйымдастырылды.Сондай-ақ, өрт пен улы газдан уланудың алдын алу жөніндегі 12 танымдық бейнеролик әзірленіп, қала тұрғындарының, мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың WhatsApp чаттарына жолданды.

    Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, пештер мен мұржалардың жарамдылығын тұрақты тексеруге, газ жабдықтарына ұқыпты қарауға және улы газды анықтайтын құрылғыларды орнатуға шақырады.

    Қауіпсіздік талаптарын сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алудың және адам өмірін қорғаудың басты кепілі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары